Our achievements » Страница 3 » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
"Best жас кәсіпкер" атты  бейнероликтер байқауы
11
December
2023
"Best жас кәсіпкер" атты бейнероликтер байқауы
Теңгенің қолданысқа енгеніне 30жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық "Best жас кәсіпкер" атты  бейнероликтер байқауына қатысып,жаңашыл идеясымен көзге түсіп,жасалған үздік жұмысы үшін #28 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып білім алушысы Тұтқышбай Сабина Бас жүлдемен марапатталды. Жетекшісі: Кәсіптік бағдар беруші Омарова Тамарахан Тұрарбекқызы. Құттықтаймыз .🥳 #Жас Ұлан # Жасұланжасқыран #jasnlanjaskyran.
"Ұранды елдің-ұрпағы қайсар"
25
October
2023
"Ұранды елдің-ұрпағы қайсар"
25-қазан Республика күніне орай "Ұранды елдің-ұрпағы қайсар" атты аудандық мектеп  оқушылары арасындағы   патриоттық әскери салтанатты шеру сайысына қатысқаны үшін № 28 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас Сарбаз"командасы Алғыс хатпен марпатталды!
" Отаным бақыт мекенім" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
18
October
2023
" Отаным бақыт мекенім" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
18 қазан күні 25-қазан Республика күніне орай мектебімізде " Отаным бақыт мекенім" атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде:  І орынды- Мейрамбек Дихнат 7 сынып оқушысы ІІ орынды-Тілеубай Раяна 4 сынып  оқушысы ІІІ орынды-Орын Бегайым 6 сынып оқушысы, Амангелді Еркенұр 4 сынып оқушысы иеленді.
"Best мақала" байқауы
27
September
2023
"Best мақала" байқауы
2023 жылдың 27 қыркүйек күні 📖 Аудандық мектептерінің Жасұландықтары арасында  Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерей тойына орай өткізілген "Best мақала" байқауында 9-13 жас ерекшелігі бойынша  ІІ орын иеленгегн 6"ә" сынып білім алушысы Жексембі Бағдаулет марапатталды. Тәлімгер: Мухатаева Гульдария Рахымқызы. #ЖасҰлан
"Жас Ұлан"  ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Сиқырлы қыс" облыстық сурет байқауы
06
January
2023
"Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Сиқырлы қыс" облыстық
❄️Сиқырлы қыс! ☃️Облыстық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Сиқырлы қыс" атты сурет байқауында  #28 Жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып білім алушысы Қанатбек Жансезім ІІ орын жеңіп алды. тәлімгер: Мухатаева Гульдария Рахымқызы
"Жас Ұлан"ұйымының ұйымдастыруымен жасқырандықтар арасында өткізілген "Сиқылы қыс" атты сурет байқауы
14
December
2022
"Жас Ұлан"ұйымының ұйымдастыруымен жасқырандықтар арасында өткізілген
2022 жылдың 14 желтоқсан күні Аудандық "Жас Ұлан"ұйымының ұйымдастыруымен жасқырандықтар арасында өткізілген "Сиқылы қыс" атты сурет байқауында 2-сынып арасында жүлделі І орын иеленген  #28 Жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып білім алушысы Жұмаділ Айқын марапатталды.  Облыстық кезеңге 4 сынып білім алушысы Қанатбек Жансезімнің жұмысы жолдама алды. тәлімгер: Мухатаева Гульдария. #Баларжылы2022 #ЖасҰлан #Жасқыран
Best педагог
05
December
2022
Best педагог
Zhambyl region әкімдігінің  білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен әлеуметтік педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарлату, шығармашылық әлеуетін толық жүзеге асыру және әлеуметтік мәртебелерін арттыру мақсатында өткізілген. Облыстық «Best әлеуметтік педагог» байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің әлеуметтік педагогы Бекжанова Шолпан Қамбарбекқызы ІІ дәрежелі  марапатталды.
"Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай
30
November
2022
"Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлының
30 қараша күні Аудандық "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған "Ахмет мұрасы" атты интеллектуалды ойынында жүлделі ІІ орын иеленген #28 Жалпы орта білім беретін мектебінің 8- сынып білім алушысы Мырзақұл Қарлығаш марапатталды. Орындаушы мектпеп тәлімгері:Мухатаева Гульдария Рахымқызы. Жауапты ДТІЖО Асанова Д.М.
"Білім беру ұйымдарында жүргізілетін әлеуметтік -психологиялық жұмыстардың негізгі аспектілері"
23
November
2022
"Білім беру ұйымдарында жүргізілетін әлеуметтік -психологиялық
Zhambyl region әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Білім беру ұйымдарында жүргізілетін әлеуметтік -психологиялық жұмыстардың негізгі аспектілері" тақырыбында мектебіміздің педагог-псхологы Р.Умурзакова  облыстық шеберлік сыныпта өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сынып қорытындысына сәйкес педагогтың авторлық бағдарламасы арнайы сараптамалық қорытындысынан кейін облыс көлемінде таратылатын болады