Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы "Тарихқа құрмет" жобасы аясында «Жалынды ақын Махамбет» тақырыбында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай 10- сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Махамбет ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңіру басты міндеттің бірі. Өткізілген сабақта оқушылар ер Махамбеттің жалынды жырларымен таныс болды. Сынып жетекшісі: Н.Шопаева