№1 педагогикалық кеңес » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 педагогикалық кеңес
27
сентябрь
2025

№1 педагогикалық кеңес

2025 жылдың 27 тамыз күні №28 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білім беру саясаты мен 2025 – 2026 оқу жылындағы мектептің басым бағыттары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске Жамбыл облыстық оқу әдістемелік орталығының әдіскері Жатқанбаева Ғалия Еренсізқызы аудандық білім бөлімінің әдіскері Көшербаев Дәулет Арыстанбекұлы қатысты. Педагогикалық кеңестің отырысын кеңес төрағасы мектеп директоры Ахметжанов Айдын Еркінұлы ашып, күн тәртібіндегі мәселермен таныстырды. Сонымен қатар педагогикалық кеңесті өткізудің регламентін бекітті. Отырыстың негізгі бөлімінде мектеп директорынының орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтың баяндамалары тыңдалды. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша талқылау ұйымдастырылды, оның барысында педагогикалық кеңес мүшелері ұсыныстар енгізді. Қабылданған барлық шешімдер педагогикалық кеңестің хаттамасында тіркелді. Хаттаманы педагогикалық кеңестің хатшысы Г.Булекбаева жүргізді. Педагогикалық кеңестің қорытынды бөлімінде мектеп директоры А.Ахметжанов қаралған мәселелер бойынша қорытынды жасады.