«Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік: отбасы, мектеп, қоғам» » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік: отбасы, мектеп, қоғам»
18
февраль
2026

«Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік: отбасы, мектеп, қоғам»

«Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік: отбасы, мектеп, қоғам» атты облыстық ата-аналар форумы өтті
2026 жылғы 18 ақпанда «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында маңызды облыстық ата-аналар форумы ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп пен колледж директорлары, ата-аналар комитеттері қатысты.
Форумға арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбутәліп Мүтәлі және Мұқаш Ескендіров, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, сондай-ақ құқық қорғау және адам құқықтарын қорғау саласының өкілдері болды.
Форум модераторы – Нұрбек Оршыбеков жиынның маңыздылығына тоқталып, бала тәрбиесі – тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында дайындалған бейнероликпен басталды.
Құттықтау сөз сөйлеген Серік Жақсылықұлы жас ұрпақтың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада тәрбиеленуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін айтты. Ал Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аударды.
Форум барысында:
✔️ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
✔️ буллинг пен интернет кеңістігіндегі қауіптердің алдын алу;
✔️ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
✔️ жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев, облыс прокуратурасының өкілі Данияр Кемелхан, Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манас Абдикаримов, сондай-ақ облыстық психологиялық қолдау орталығының өкілі Айгерім Исмаилова өз бағыттары бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.
Облыстық ата-аналар кеңесінің төрайымы Назима Жұбандықова ата-аналар қауымдастығының тәжірибесімен бөлісті.
Форум соңында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, нақты ұсыныстар айтылды.