№5 педагогикалық кеңес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
«№28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т.Рысқұлов ауылы Күні: 22.05.2026 жыл
№28 ЖОББМ Қатысқаны: 35 педагог
Қатыспағаны: 3 ( себепті)
Педагогикалық кеңес №5
Төрағалық ететін: Мектеп директоры- Ахметжанов Айдин Еркінұлы
Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, педагогтер
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
І. 4- педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы
ІІ. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптан-сыныпқа көшіру туралы:
- 1-4 сыныптар;
- 5-8,10 сынып оқушыларының аралық аттестаттау емтиханына жіберу, сыныптан-сыныпқа көшірілуі;
- 9, 11 сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға жіберу.
ІІІ. 1) 2-11-ші сынып оқушыларының білім сапасының мониторингісі
2)Ерекше білім беруді қажет ететін, үйде оқитын білім алушылардың оқытылу жағдайы.
3) Күнделік жүйесі бойынша жұмыс деңгейі. 10 сыныптағы бейіндік пәндердің оқытылуы
ІV. Мектептегі асханада ыстық тамақты ұйымдастыру жағдайы
V. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беруді ұйымдастыру
Қорытынды анықтама
2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған №5 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Кеңес барысында педагогикалық кеңестің алдыңғы шешімдерінің орындалуы қарастырылып, оқу жылының қорытындылары талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – оқушыларды келесі сыныпқа көшіру және мемлекеттік емтихандарға жіберу туралы болды. Сонымен қатар, 5–8 және 10-сынып оқушыларын қазақ тілі пәнінен аралық аттестаттау емтиханына жіберу мәселесі қаралып, пән мұғалімдерінің қорытынды есептері тыңдалды. Кеңес шешімімен аталған сынып оқушылары аралық аттестаттау емтиханына жіберілді.
Отырыста 2–11-сынып оқушыларының білім сапасының мониторингі, ерекше білім беруді қажет ететін және үйден оқытылатын білім алушылардың оқу жетістіктері, «Күнделік» жүйесі бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері талданды. Сондай-ақ мектеп асханасында ыстық тамақ ұйымдастыру жағдайы мен оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Мектеп ұжымы білім сапасын арттыру және оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
