Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау
05
январь
2026

Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау


«№28 жалпы орта мектеп» КММ
педагог-психолог лауазымына 1 бірлік жүктемемен
(айлық жалақысы – 170 000 теңге) конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
hr.nobd.edu.kz платформасында онлайн форматта
2025 жылғы 05 қаңтар мен 15 қаңтар аралығында қабылданады.

Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрықтарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.


Конкурсқа құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде (15 қаңтарға дейін); Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды;

Құжаттар тізімі:
    1.    осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;    2.    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);    3.    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);    4.    Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;    5.    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);    6.    “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).    7.    психоневрологиялық ұйымнан анықтама;    8.    наркологиялық ұйымнан анықтама;    9.    сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);    10.    техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.    11.    11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
#жұмысқақабылдау