"Тазалық- ағза саулығының кепілі" дөңгелек үстел » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тазалық- ағза саулығының кепілі" дөңгелек үстел
12
январь
2026

"Тазалық- ағза саулығының кепілі" дөңгелек үстел


Тақырыбы: «Тазалық – ағза саулығының кепілі» атты дөңгелек үстел
10 сынып оқушыларына  «Тазалық – ағза саулығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға жеке бас гигиенасының маңызын түсіндіру, тазалықты сақтау арқылы түрлі аурулардың алдын алу жолдарын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға тазалықтың адам денсаулығына әсері туралы мәліметтер беріліп, күнделікті өмірде гигиеналық талаптарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, дене күтімі, қоршаған ортаның тазалығы және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақ-жауап арқылы тақырыпты жан-жақты қарастырды.
Іс-шара нәтижесінде білім алушылардың тазалыққа деген көзқарасы қалыптасып, жеке бас гигиенасын сақтау қажеттілігі жөнінде түсініктері кеңейтілді.
Қорытынды:
Дөңгелек үстел өз мақсатына жетті. Қатысушылар тазалықтың адам ағзасының саулығын сақтаудағы маңызды фактор екендігін түсінді.