26
сентябрь
2025
"Сіздің талғамыңыз: дәрумендер немесе фастпуд? Пікір-талас
Ағымдағы жылдың 26-қыркүйек күні №28 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-9 сынып оқушылары арасында «Сіздің талғамыңыз: дәрумендер немесе фастфуд?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.Мақсаты:
* Оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру;
* Фастфуд өнімдерінің денсаулыққа зиянды жақтарын талқылау;
* Дәрумендерге бай тағамдарды тұтынудың пайдасын дәріптеу;
* Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау;
* Оқушылардың ой-пікірін еркін жеткізуге, өз көзқарасын дәлелдеуге үйрету.
Пікірталас барысында оқушылар екі топқа бөлініп, дәрумендерге бай тағамдардың денсаулыққа әсері мен фастфуд өнімдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Әр топ өз дәлелдерін мысалдармен келтіріп, қарсы пікірлерге жауап берді. Оқушылардың белсенділігі жоғары болды, қызықты сұрақ-жауаптар қойылып, еркін пікір алмасты.
Қорытынды:
Шара соңында оқушылар салауатты тамақтанудың маңызы зор екеніне көз жеткізді. Көпшілігі дәрумендерге бай тағамдарды тұтынуды қолдап, фастфудты шамадан тыс пайдаланбау қажеттігін атап өтті.
Жауаптылар:
Алтыбаев А.Қ., Оразова Н.М., Габбасова А.М.