"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2023

"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі"

        №28 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың денсаулығын сақтау, жасөспірімдердің тамақтануының ғаламдық мәселелеріне назар аудару,  "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында 6"А" сынып білім алушыларына сынып жетекші Алтыбаев Арслан сынып сағатын өткізді. 

 Адам ағзасына, денінің сау болуына ең алдымен дұрыс тамақтану оң әсерін береді. Сонымен қатар дәрумендерге бай тағамдарды күнделікті пайдаланып отыру қажет. Сабақ барысында жемістер мен көкөністердегі дәрумендер туралы түсінік беріп, оның адам ағзасына тигізер пайдасы туралы ақпараттармен бөлісті. Білім алушылар денсаулықты сақтап, салауатты өмір сүру үшін дәрумендердің пайдасы туралы жан-жақты ақпараттарға қанық болды. Қай көкөністер мен жемістердің құрамында дәрумендердің молдығын, қандай дәруменнің бар екендігін білді. Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін күнделікті ас мәзірінде ағзаға жеткілікті мөлшерде болатындай дәрумендер болуы қажет екенін білді.