Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай мектебімізде әдеби кеш ұйымдастырылды. » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай мектебімізде әдеби кеш ұйымдастырылды.
09
февраль
2026

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай мектебімізде әдеби кеш ұйымдастырылды.




Есіңе мені алғайсың...  Осылай деп айтып кеткен  қазақ поэзиясының мұзбалағы, тұтас дәуірдің тұлғасы  Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектебімізде әдеби кеш ұйымдастырылды.  Оның жырлары -махаббат, өмір, сағыныш, адамдықтың мәңгілік үні екенін осы іс-шарада көрдік. Себебі бұл кешке тек  оқушылар ғана емес ұстаздар да белсене қатысып, рухани байлыққа толы, жүрекке жылы әсер қалдырған шара өтті. Кеш барысында Мұқағали жырлары оқылып, сырлы әуенге толы әндері шырқалды. Әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыратын көріністер қойылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған сахналық қойылымдар көрерменді терең ойға жетеледі. Әрбір оқушының жүрегінен шыққан өлең жолдары мен ұстаздардың әсерлі орындауы кештің мазмұнын байыта түсті. Бұл кеш – тек еске алу ғана емес, жас ұрпаққа ұлттық рухты, поэзияның құдіретін сезіндірудің бір көрінісі болды. Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін дәлелдеген бұл әдеби басқосу қатысушылардың жүрегінде өшпес із қалдырды.