Қамқоршылық кеңес мүшелері алдындағы мектеп директорының мамыр айындағы баяндамасы » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес мүшелері алдындағы мектеп директорының мамыр айындағы баяндамасы
19
май
2022

Қамқоршылық кеңес мүшелері алдындағы мектеп директорының мамыр айындағы баяндамасы

Қамқоршылық кеңес мүшелері алдындағы мектеп

директорының мамыр айындағы баяндамасы 2021-2022 жыл.


Құрметті қамқоршылық кеңесінің   мүшелері, кеңес отырысының қатысушылары! 

Білім мазмұнын  жаңартып  отыру - бүгінгі  күннің басты талабы. Осы мақсатты көздеген  №28 жалпы   орта білім беретін  мектеп  ұжымы осы оқу жылын табысты аяқтауды көздеп отыр.

   №28жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылын 242 оқушымен  бастап, 236 оқушымен аяқтап отырмыз. 1-4 сыныпта – 6 сынып, 96-оқушы,  5-9 сыныпта 8 сынып-123 оқушы, 10-11 сыныпта – 2 сынып - 17 оқушы білім алды. 2 МАД тобында 28 -тәрбиеленуші білім алуда. Мектепте 1-11 сыныптар аралығында 16сынып, 2 (МАД)  сынып  комплектісі бар. Оқыту тек бір тілде , мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізіледі. 2021-2022  оқу жылында 11-сыныпта 11 оқушы білім алып,1-оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер,1- оқушы «Алтын белгіге үміткер болып отыр.  9-шы сыныпты 27 оқушы білім алуда, негізгі орта білім туралы  аттестат алады, 3-оқушы «Ерекше  куәлікке» ұсынылып отыр. Мектепте 18 оқу кабинеті бар, 1- мультимедия кабинеті, өткен оқу жылында   3-кабинетке және акт залына мультимедиялық қондырғы орнатылды. Жалпы компьютер саны -92.  

   Мектепте сабақ екі ауысымда өтеді. Мектеп қызметкерлерінің жалпы саны- 68, оның 43-педагог қызметкерлер, 3-педагог  декреттік демалыста, 25-кіші қызметкерлер. 3 қызметкер маусымдық жұмыс атқарады. Кадр жетіспеушілігіне байланысты 6 мұғалім қосалқы атқару бойынша жұмыс атқарады. Орыс тілі пәнінен, ағылшын тілі пәнінен, физика пәнінен,қазақ тілі пәнінен. 2- зейнеткер мұғалім  (математика, география)   ұзартылған  енбек шарты бойынша жұмыс атқарады. Орыс тілі, математика  пәндеріне мамандар тапшы. АББ-не сұраныс берілген.

       Мектептегі педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекеттік  стандарт талаптарына сәйкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастыру мақсатында  мектептің даму жоспары және  2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жоспары жасалынды.    Даму жоспарында  алдағы 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, нақтыланды. Жылдық жоспарда  бір жыл ішінде алдымызға қойған нақты мақсаттарды белгілеп, жұмыстар жүргізілді.   Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің   оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы   балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, оқушылардың тәрбиелік деңгейін  жақсарту, бос уақытын ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын  жақсарту қарастырылды. 2021-2022 оқу жылына жоспарланған  іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, педагогикалық  кеңесте қаралып отырды. Оқу жылының басында  қызметкерлермен бір жылдық енбек шарты жасалынып, таныстырылды.  Мектепте еңбек қатынастарын реттеу ұжымдық –әріптестік келісім шарт мазмұнымен таныстырылып , хаттама толтырылды. 

Оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына сәйкес мұғалімдердің оқу жүктемесі тарифтик  кестеге сай бөлінеді.  Мектепке 561 сағат бөлінген, барлық мұғалімге шаққанда 16 сағаттан бөлініп тұр. Мектепте   оқу пәндері бойынша 4-бірлестік, тәрбие саласы бойынша 2-бірлестік  жұмыс атқарады.   Былтырғы оқу жылында білім сапасы 70% көрсетсе, биылғы оқу жылында І-тоқсанда 68,8%, ІІ-тоқсанда  66,8% , ІІІ-тоқсанда 66,8%  білім сапасын көрсетті . Сағат жүктемелері төмендегідей бөлінді 

11-15 сағат 6 мұғалім;    18-19 сағат 17 мұғалім;   20- жоғары 9 мұғалім 

1–директор,  завуч-2,   психолог-1,  әлеуметтік педагог-1, тәлімгер-1, АӘПЖ-1,

  худ.рук-0,5;

  3.Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жоспарлы жүргізіледі. Ұжымда 5-мұғалім, екі әкімшілік қызметкері деңгейлік оқу бағдарламасын бітірген, 2-мұғалім үш тілді деңгейлік курсты бітірді. Жанартылған білім мазмұны бойынша 4- мұғалім курстан өтпеген, қалған 32-педагогтар өз білімдерін көтерді .Екі мұғалім декреттік демалыстан шықты,5-мұғалім жас маман. Мектеп тренерлері, шығармашыл ұстаздар   өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің   кәсіби өсуіне көмек беруде. Әр сенбі және каникул күндері ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс істейтін күні. Сенбі күні жоспарға сай коучинг, семинар практикум өткізіліп, педагогтар өз тәжірибелерімен алмасып, кәсіби деңгейлерін арттырады. Мектепте қызметкерлердің аттестаттау тәртібі сақталады. Педагог қызметкерлер жаңа форматта аттестаттаудан өтіп, біліктілік санатын дәлелдеді. 3-зерттеуші, 14-сарапшы, 4-мадератор.  

Оқу процесін цифрландыру

Өздерініз байқағандай биылғы оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазанындағы  №564  бұйрығы негізінде  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып қағаз жүзінде 26 оқушы қабылданып отыр. Алдағы уақытта 1 сыныпқа қабылдау тамыздың 15-не дейін Egow.kz бойынша  қабылданады

«Күнделік.кз» жүйесі енгізіліп, жауапты мамандар белгіленген. 236+28  оқушы туралы мәліметтер «Күнделік.кз»  енгізіліп, ата-ана бұл жүйе арқылы оқушының білімін бақылап, үй тапсырмасын көріп, үнемі байланысты бола алады.

Ұстаздар мен оқушыларға «Bilimland», ITest.kz, Sabak.kz, , Google.kz, «Дарын онлайн» платформасы,  Zhambil_Obl_UMC, dppzhambyl.gov.kz, enbek.kz, taraz.zhm. жүйесі  де   қолжетімді. Оның білім сапасын жетілдіруде маңызы зор. Бүгінгі күні барлық мұғалім  аталған жүйеге тіркеліп , өз сабақтарында керекті ресурстарды пайдалануда.  

Мектепте өтіп жатқан оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жаңалықтар мен жетістіктер Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері  және №28ЖОББ  мектеп  сайты арқылы жариялануда.      Мектеп интернетіне  «Казтелеком»  ЖШС – і қызмет көрсетуде. 

Мектеп ауласы үнемі шөптерден тазартылып тұрады. Ағаштар, бұталар   кесіліп, жиектер ақталған. Бордюрлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, әктелді. Мектеп ішіндегі және сырттағы жарықтану  құралдарының  бәріне   тексеру  жүргізіліп, қажет болған жағдайда шамдар ауыстырылып тұрады.

Мектеп ғимаратында 12 бейне бақылау орнатылған. Мектепте бірінші және екінші қабатта  ішкі дәретханалар жұмыс істейді. Мектеп санитарлық нормаларға сай жұмыс атқарылып жатыр.. 

Мектепте оқу жылының басында кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып   еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленіп, бекітілді. Қызметкерлермен таныстырылып, инструктаждық журналдар жүргізіледі. Еңбекті қорғау жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс атқарады. Жылына бір рет тегін дәрігерлік   тексеруден 100% өтеді.

 38-педагогтар, 25-кіші қызметкерлер  вакцина алды.

2022 жылдың сәуір айында болған табиғат құбылысы салдарынан мектептің жабын шатырын желдің болуынан шатырдың батыс жақ бетін көтеріп залал келтірді. Сонымен қоса сынып бөлмелеріне төбеден қатты жаңбырдың салдарынан су тамшылап ақты. Жамбыл облысы әкімдігі, облыстық білім бөлімінің басқармасы және аудандық білім бөлімінің ат салысуымен шатыр жөнделіп, басқа да жөндеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Соңғы қоңырау 25 мамыр күні өтеді. 53 үздік пен 98 екпінді оқушылар сол күні мақтау қағаздармен марапатталады. Аттестат берудің салтанатты шарасы – 2022 жылғы 16-17 маусымында өткізіледі. Болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге қолдау көрсетілді.

Мектеп бітіру іс-шаралары  мектеп қабырғасында өткізіледі.

Мектеп бітіру іс-шараларына мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, аудандық білім бөлімінен, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында

 - мектеп бітіру кешін сән-салтанатты өткізуге; 

 - салтанатты дастархан ұйымдастыруға;

 - прокатқа машина алу арқылы аудан, ауыл  ішінде экскурсия өткізуге;  

әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат    жинауға жол беруге;

- мектеп бітіру іс-шарасын мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге рұқсат етілмейді.


Жетістіктер:

 Аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық  конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, байқауларға  қатысушы педагогтардың үлесі

Мұғалімдерідің озық іс- тәжірибесін жинақтау, тарату мақсатында «Озат педагогикалық  тәжірибе мектебі» түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық байқаулар мен көрмелерге, семинарларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл көрсеткіш төмендегі кестеде берілген. 


Семинар, конференциялар

ға қатысуы

Басылымдарда еңбектерінің 

жарық көруі

Кәсіби байқаулар


Аудандық

Облыс

тық

Аудан

дық

облыстық

Республика

лық

Аудан

дық

Облыс

тық

1


1



3

7

4

       Бастауыш сынып мұғалімдері Шағатаева Айнаш Тәжіханқызы  «Логикалық есептер шығару»,ЧумановаХалбүбіБегімқызы «Жылдам оқу» тақырыптарында  1-4 сыныптарға авторлық жұмыс дайындады. 

Екі мұғалімнің де авторлық  бағдарламалары  облыс   көлеміне  ұсынылып, арнайы ЖСВН номер алынып, сертификатпен марапатталды. 

    Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Барменкулова Шынар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін мектеп педагог арасында өткен "Үздік ашық сабақ" тақырыбында облыстық қашықтықтан интернет –байқауынан II дәрежелі дипломмен марапатталды. 

   Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы шығармашылық шеберлігі мен кәсіби жетістіктері үшін «Үздік география пәні мұғалімі» байқауында география пәні мұғалімі Билібаева Нұрсәуле  II орынды иеленді. Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты мұғалімдерге арналған география пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасынан І дәрежелі дипломмен марапатталды.

     Тарих пәнінің мұғалімі А.Е.Ахметжанов  қазақстан тарихы пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты мұғалімдерге арналған дүние жүзі тарихы пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

     Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Омарова Тамарахан  «Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» атты облыстық байқаудан III дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп психологы Умурзакова Рита  педагог – психологтардың «Үздік психолог» атты облыстық байқауының «Жаңашыл педагог-психолог» номинациясын иеленді. 

     «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты Меркі ауданы білім мекемелері арасындағы VIII аудандық спартакиадасындағы « Шекемтас» ойынының нәтижесі бойынша технология  пәнінің мұғалімі Смагулова Саян I орынды және облыстық спартакиадада жүлделі І орынды иеленіп қайтты.Сонымен қатар       Республикалық «Жас толқын»  қолөнер байқауынан  да  Құрмет грамотасымен марапатталып облыс көлемінде қол өнер көрмелеріне қатысуға жолдама алды.

       «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың ұлттық бұйымдары» атты аудандық ұлттық қол өнер байқауынан еңбек пәні мұғалімі С.Смагулова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

          «Ұлттық қазына» атты аудандық ұлттық қол өнер байқауынан  еңбек пәні мұғалімі С.Смагулова І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

       Республикалық  DARYN. ONLINE «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасына қатысып, еңбек пәні мұғалімі С.СмагуловаІ дәрежелі дипломмен марапаттаалды.

    «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты Меркі ауданы білім мекемелері арасындағы VIII аудандық спартакиядасындағы «Асық ату» ойынының нәтижесі бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  ШаргиновАрнур II орынды иеленді .

     «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты Меркі ауданы білім мекемелері арасындағы VIII аудандық спартакиядасындағы «Тоғызқұмалақ» ойынының нәтижесі бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбеков Ербол II орынды иеленді .

     «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты Меркі ауданы білім мекемелері арасындағы VIII аудандық спартакиядасындағы «Тоғызқұмалақ» ойынының нәтижесі бойынша бастауыш пәнінің мұғалімі ШолпанбековаДжамиля II орынды иеленді . 

      «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты білім мекемелері мен ұйымдары арасындағы VIII  облыстық кәсіподақтық спартакиядасындағы  асық атудан ( әйелдер арасында) технология пәнінің мұғалімі Смагулова Саян I орынды иеленді.

Мектепалды даярлық пәнінің мұғалімі Усенкулова Балжан «Менің бір күнім» сурет байқауында шәкіртімен бірге ІІ дәрежелі диплом, «Шебер жас маман» аудандық байқауға қатысып      ІІІ орынды иеленді.

      Бастауыш сынып мұғалімі Шағатаева Айнаш бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының (қазақ,орыс тілдері, математика,дүниетану ) III дәрежелі дипломның жүлдегері. 

Информатика пәнінің мұғалімі ГаббасоваАйнагуль Республикалық   Дәстүрлі Интернет Олипиада сайты Информатика пәнінен ұйымдастырылған онлайн олипаданың I дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Химия пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы ІІІ дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды. 

2021жылы – Білім беру саласының дамуына қосқан қомақты үлесі мен «Ustaztilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін «Құрмет грамотасы»

2021жылы Республикалық қашықтық олимпиада сайты Химия пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиаданың ІІІ дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталдым.

2021жылы - Білім беру саласының дамуына қосқан қомақты үлесі мен «Ustaztilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін «Құрмет грамотасы» берілді.

2021жылы - Республикалық ұстаздарға арналған онлайн әдістемелік сайты педагогика пәні бойынша ұйымдастырған І республикалық «Үздік педагог» онлайн олимпиадасына қатасып жоғары нәтиже көрсеткені үшін  І дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталдым. 

2021жылы - Республикалық ұстаздарға арналған онлайн әдістемелік сайты ұстаздар арасында ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін «АЛҒЫС ХАТ» берілді.

2021жылы – «Химия пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, келесі көрсеткіштерді иеленді. Барлық сұрақтардың 94% дұрыс жауап беріп, 93 ұпай жинады. І дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды. 

Бастауыш сынып мұғалімі К.К.Алимжанова аудандық «Үздік бейнесабақ» байқауынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«ULYDALA USTAZY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ғылыми-педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік автор -2020» республикалық ғылыми-практикалық республикалық жобасының «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. 



Олимпиадалар

Байқаулар


Аудан

Облыс

республика

аудан

облыс

Республика

1

2


16


1



      2021жылы - «Химия пәні бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиадаға қатысып, келесі көрсеткіштерді иеленді. Барлық сұрақтардың 94% дұрыс жауап беріп, 93 ұпай жинады. І дәрежелі ДИПЛОМмен 11 сынып оқушысы АсилбекНұрайым марапатталды. Жетекшісі: Сматай Мөлдір. 

       Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңінде химия пәнінен №28 ЖОББМ мектебінің 10 сынып оқушысы Абдыберік Ақниет  ІІ дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды.

      Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі 7-8 сыныптарға арналған Республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңінде химия пәнінен №28 ЖОББМ мектебінің 7 сынып оқушысы Болат Ермұхамед ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


«Ақбота» республикалық байқауға 1 оқушы  қатысып,ІІІ дәрежелі   дипломға ие болды.

«Пони» халықаралық байқауына 1 оқушы қатысып, І дәрежелі дипломға ие болды. 

Республикалық   Ubest.kz «Жас математик» олимпиадасына   5 оқушы қатысып І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

        «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты республикалық олимпиадаға қатысып, Жексембі Әділет І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

 «Тәуелсіздік –елімнің еркіндігі» атты облыстық шығарма байқауының жеңімпазы Аманжол Кәусар  І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Республикалық   DARYN ONLINE «Жас математик» олимпиадасына  2 оқушы қатысып І  дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

        Республикалық «Кенгуру-математика барлығы үшін»  атты халықаралық интеллектуалды ойын-конкурсына қатысып, І дәрежелі дипломмен 5 оқушы марапатталды. 

      «Көкжиек» Республикалық білімділер сайты ұйымдастырған      шығармашылық байқауында ерекше қабілетімен «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша Жексембі Әділет ІІ орын дипломымен марапатталды. 

          Республикалық «Ой-сана» зияткерлік олимпиадасына  Мейрамбек Айбөпе  қатысып, ІІ орын  иленді. 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8 сынып оқушысы Жексембі Аяла аудандық «Үздік оқырман отбасы»байқауына ата-анасымен бірге қатысып, І дәрежелі дипломмен марапаталды. 

Оразбеков Ербол тоғызқұмалақ үйірмесі бойынша облыстық оқушылар лигасында Республикалық оқушылар лигасының облыстық кезеңінде 5-6 сынып оқушылары каманда бойынша  1 орын, 7-8 сынып оқушылары каманда бойынша 1 орын, 9-11 сынып оқушылары каманда бойынша 2 орын иеленді.


Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Осы жоба аясында Ыбырай Алтынсарин нің 150 жылдығына 5,6,7 сынып оқушылары арасында «Үздік оқырман» сайысы 3 сынып білім алушыларымен «Таза бұлақ» әңгімесімен дауыстап оқу өткізілді. Сонымен қатар үзіліс уақтысында 20 минуттық оқулар ұйымдастырылып тұрады. «Сыйлыққа кітап» Буккроссинг кітаптың айналыста жүруі атты акция жүргізілді. Акция барысында кітапхана қоры 15 дана көркем әдебиетпен толықтырылды. Биылғы кітапхана қоры жеткілікті 

Бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар осы. Алдағы уақытта оқу – тәрбие үрдісіндегі жоспарлы іс – шараларымызды қарқынды жалғастырамыз.

 Мектептің материалдық – техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Заман талабына сай ақпараттық технологияларды  пайдалануға ерекше мән беріліп, мұғалімдер аудио – кешенді  оқу құралдарын  пайдалануға қол  жеткізіп отыр. Биылғы Кітапхана қоры  жеткілікті. Жаңа  оқу жылына   алған  міндеттердің  ішінде   ата- анамен жұмыс  деңгейін жаңа  сатыға көтеру   мәселесі қойылды. Бұл бағытта танымы мен тағылымы  мол шараларды   көптеп  өткізуді  жоспарлап отырмыз. Оқушы  еліміздің   келешегі, ертеңі.  Сондықтан олардың бойындағы    болашаққа   сенім,   үміт,  оптимистік   көзқарас   ұялату   -баршамыздың  парызымыз. 

  Көңіл қойып   тыңдағандарыңызға  көп-көп рахмет!







            Мектеп директорының:                         А.Е.Ахметжанов