2023 жылы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол"Республикалық қайырымдылық акциясы "Жақсылық жаса!" ұранымен өткізілуде. » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023 жылы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол"Республикалық қайырымдылық акциясы "Жақсылық жаса!" ұранымен өткізілуде.
18
сентябрь
2023

2023 жылы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол"Республикалық қайырымдылық акциясы "Жақсылық жаса!" ұранымен өткізілуде.

     2023 -2024 оқу жылында №28 жалпы орта білім беретін мектебінде « Мектеп жол» Республикалық акциясы балалардың  құқықтары мен мүнделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында акция өткізілді.
 Акцияның ұраны: «Жақсылық жаса!» 
 Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы  отбасылардан шыққан  оқушыларға, жетім балаларға, сондай – ақ ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының бас талуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
 2023 жылдың 31 шілдесінде «Жақсылық жаса!» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мектепішілік   бұйрық шығарылып, іс – шаралар жоспары құрастырылды. Жоспар мектеп директоры А. Ахметжановпен бекітілді.
 Дәлелсіз  себептермен мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында мектептің   ДҚТІЖО Д.Асанова мен мектептің әлеуметтік қызмет маманы тарапынан рейдтер ұйымдастырылды.
 Әлеуметтік көмек көрсету үшін   мектепке дайындық кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларды анықтау мақсатында тізім жасалынды.
 Қосымша мектептің әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өтуі туралы 2023 жылдың 15 қыркүйек күні №70 нөмірінде аудандық «Меркі тынысы» газетіне мақала жарияланды.
 Аталған бағыттағы жұмыс оқу жылы барысында өз жалғасын табатын болады.