Кезектен тыс педагогикалық кеңес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т.Рысқұлов ауылы Күні: 28.05.2026 жыл
№28 ЖОББМ Қатысқаны: 36 педагог
Қатыспағаны: 2 (себепті)
Кезектен тыс педагогикалық кеңес
Төрағалық ететін: Мектеп директоры- Ахметжанов Айдин Еркінұлы
Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, педагогтер
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. 5–8, 10-сынып білім алушыларының «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау емтиханының қорытындысы негізінде білім алушыларды сыныптан сыныпқа көшіру туралы
Жауапты: ДОТІЖО – А.Шагатаева
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі 5–8, 10-сынып білім алушыларының «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау емтиханының қорытындысы негізінде білім алушыларды сыныптан сыныпқа көшіру туралы мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шагатаева Айнаш Тәжіханқызы сөз алды.
Аралық аттестаттау емтихандары 2026 жылғы мамыр айының 22–сі мен 26 мамыр аралығында белгіленген кестеге сәйкес өткізілді. Емтиханға 5–8, 10-сынып білім алушылары толық қамтылды. Емтихан нәтижелері бойынша білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі сараланып, қорытынды бағалары шығарылып, күнделік жүйесіне бағалары қойылды.
Емтихан қорытындысына сәйкес білім алушылардың басым бөлігі оқу бағдарламасын толық меңгергені анықталды. Үлгерім мен білім сапасының көрсеткіштері талданып, пән мұғалімдерінің қорытынды есебі тыңдалды.
Оқу жылындағы қорытынды бағалар мен аралық аттестаттау нәтижелері негізінде 5–8, 10-сынып білім алушыларын төмендегі кесте бойынша келесі сыныпқа көшіру ұсынылды.