№ 28 ЖББМ бойынша «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын (2018 жылғы 12 – 23 қараша) орындалуы туралы анықтама
№ 28 ЖББМ бойынша «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын (2018 жылғы 12 – 23 қараша) орындалуы туралы анықтама
Науқан шеңберінде республиканың барлық аймақтарында қоса берілген «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанды ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары орындалды. Аталған іс-шараның мақсаты - қоғам назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемаларына аудару, зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында балаларға қауіпсіз ортаны қалыптастыру, қоғамда балаларды қатыгез ұстауға төзбеушілік қалыптастырудын жолдарын талқылау.
Іс шаралармен қатар, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балаларды анықтау мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылық жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Көше», «Жасөспірім» кең ауқымды рейдтік шаралар өткізілді.
12-23 аралығында ЮП инспекторы М.Абдуллаевтың қатысуымен оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары», «Өкпелеу және қорлаудан сақ балалар» және т.б. тақырыптарда шығумен сынып сағаттарын өткізілді.
15 қараша күні «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты психологиялық сабақ өткізілді. Барлық қатысқан оқушы саны:32
Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Іс шара бірнеше бөлімдерде құрылды: бейнеролик «Сәбидің бәрі бақытты бол үшін жаралған» көрсетілді; баяндама "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" оқытылды; соңында оқушылар Эссе "Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?" тақырыбына эссе жазып, шығармашылықтарын қорғады.
12 қараша күні «Зорлық зомбылықсыз балалалық шақ» акциясы мектептің оқушылар Кеңесінің мүшелері өз қолдарынан жасап, безендірілген парақшаларды таратудан басталды.
13 қараша күні бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Токушбеков Қ. 5- 7 сынып оқушыларымен «Зорлық зомбылықсыз әлем» тақырыбында суреттер байқауын ұйымдастырды, бұл байқауда ерекше ойымен, көркем суретімен көзге түскен 7 –ші сынып оқушыларының яяғни Молдабай Нұрсұлтан, Райымжан Сания, Рәсіл Әлмахан, Советхан Бекжанның суреттері көркем деп танылды.
Қарашаның 14 жұлдызы «Ренжітусіз, кемсітусіз балалар» тақырыбында мектеп кітапханашысы Рысқұлова Г. оқушылармен ақпараттық –танымдық сағат ұйымдастырды. Бұнда оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, түрлікөркем оқулықтармен танысты. Тәрбие ісінің меңгерушісі Омарова Т.Т. қараша айының 15 – і күні 5 – 9 сынып оқушыларымен «Зорлық зомбылықсыз әлемді құру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс шара барысында психолог балалармен түрлі психологиялық тренингтер мен ойындарды ойнатты. Акция бастауыш сынып оқушыларының арасында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» атты спорттық эстафетамен жалғасын тапты.
Ата – аналармен әр сыныптағы тоқсан сайын өтілетін жиналыстарға мектеп психологы, тәрбие ісінің меңгерушісі қатысып, «Отбасындағы бала тәрбиесі», «Менің балам қандай?», «Баланың ішкі әлемі», «Бала құқықтары», «Бала алдындағы ата – аналардың міндеттері» сияқты тақырыпта әңгіме жүргізіліп тренинг, сауалнамалар өткізілді.
23.11 күні «Жазалау және ынталандыру мәселелер» тақырыбына ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Барлық қатысқан ата-аналар саны: 68. Мектеп психологы Койшибаева О.О.: «Балалармен жұмыс жүргізітін әрбір адам тәрбиешінің мадақтау және жазалаудың көмегімен баланың тәртіпті, жауапты болуына қол жеткізетінін біледі. Бүгінгі таңда педагогтар мен ата-аналар арасында бала тәрбиесінде мадақтау мен жазалауға деген көзқарас әртүрлі» деп балаға жазалаудан көрі мадақтау әдісін қолдану қажет деген кеңес берді. Жазалау- тыңдамаған, моральдық тұрғыдан өзін дұрыс ұстамаған, бағынбаған кезде адамның өз еркінен тыс және оған ұнамайтын әрекеттер жасау. Жазалау- адамның жеке басын тәрбиелеуде, қоғамдық ортада өзін ұстауға да бағытталады. Жазалау- ауызшы ескертуден өлім жазасына кесілуге дейін болады. 3 түрлі бағытта жазалауға болады: психологиялық, құқықтық, діни. Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында қолдайтынын жария етуі».Содан әртүрлі психологиялық жағдаяттар талқыға берілді. Ата-аналар өз шешімдерін ұсынып, жағдайдан шығудың дұрыс жолын таба білуге дағдыланды.