"Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі
№28 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша "Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" онкүндік аясында ұйымдастырылған «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыпта мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Оқушылар арасында мейірімділік, сүйіспеншілік, анаға құрмет білдіру ерекшелігін ояту. Байқау қорытындысы бойынша 5 "А" сыныбы "Лучший оқылым", 6 сынып "Мәнерлі оқылым" және 7 сынып "Өнерлі сынып" номинацияларымен марапатталды.