Білім алушылардың кәсіптік бағдарлауын диагностикалау және анықтау
Мектебіміздің кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жауапты маман педагог-психолог Р.Умурзакова "Білім алушылардың кәсіптік бағдарлауын диагностикалау және анықтау" тақырыбында аудандық семинарға қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында ерте диагностика (5-7 сын), аралық диагностика (8-10 сын) және т ереңдетілген диагностика (9-11 сын) жүргізу кезеңдеріне тоқталып, әр буынға арналған кәсіптік бағдарлауын диагностикалау және анықтау бойынша жұмыстарымен таныстырды.